Оралда бадминтоннан ересектер арасындағы халықаралық турнир өз бастауын алды

5 Просмотры
Издатель
Олимпиадалық ойын түрі саналатын бадминтон ойнына қатысушылар жекелей және жұптық сындардан шеберлік байқаспақ. Оған қоса сәтті өнер көрсеткендердің халықаралық бадминтон федерациясы рейтингісіндегі орындары жоғарылайды. Байрақты жарысқа АҚШ, Австралия, Бельгия, Иран, Чехия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және басқа елдердің спортшылары бақ сынауда. Мықтылар қатарында Дания, АҚШ, Австралия спортшылары жатқызылып отыр. Алайда, ел байрағын желбіреткен ойыншылардың, оның ішінде Орал спортшыларының да жеңіске жету жолындағы дайындығы жаман емес. Турнирге қатысушылар Жайықтың қонақжай жерін ерекше атап өтіп, өз ықыластарын білдіруде.

Ары қарай оқу: http://tdk42.kz/kk/news/oralda-badmintonnan-eresekter-arasyndagy-xalykaralyk-turnir-oz-bastauyn-aldy/
Сайтқа сілтеме: http://tdk42.kz
Категория
Бадминтон
Комментариев нет.
Verification: 5c5b6716e8137d95